«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

«ЖАҢАРУ» қозғалысының жаңа Орталық офисінде диалог өтті

В новом Центральном офисе РОО «ЖАҢАРУ» состоялся диалог 30.05.2024

«ЖАҢАРУ» қозғалысының жаңа Орталық офисінде диалог өтті

   2024 жылғы 29 мамыр күні Астана қаласында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Совет мүшелері мемлекеттік органдар өкілдерімен  жаңа офисте диалог өткізді.

   Іс-шараға Астана қаласы Әкімшілігінің, қала аудандарының Әкімшіліктерінің және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, студентер, «ЖАҢАРУ» РҚБ белсендері. БАҚ өкілдері қатысты.

   Ашылу рәсімінен кейін жиналғандар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің арасында диалог ұйымдастырылды.

   Диалог «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында өтті.

   Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.

   Жиналысты «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы СЕМҒАЛИЕВ Мэлс Зайноллаұлы жүргізіп отырды.  

   Диалогқа келесі тұлғалар қатысып, сөз сөйледі:

- Мэлс Зайноллаұлы СЕМҒАЛИЕВ, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы;

- Нұрдәулет Иманәліұлы ӘЛМҰХАНОВ, Астана қаласы Әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы;

- Оралбай Әбдікәрімұлы ӘБДІКӘРІМОВ, «ЖАҢАРУ» РҚБ Құрметті Төрағасы;

- Еділ Лұқпанұлы ОРАЗОВ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әскери кафедра басшысы, генерал-майор;

- Бейбіт Баймағамбетұлы МАМРАЕВ, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары;

 - Дархан Қамзабекұлы МЫҢБАЙ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғам қайраткері, Қазақстан Журналистика академиясының академигі;

- Дәулеткерей Рахметоллаұлы РАХМЕТУЛЛИН, ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары, Астана қалалық филиалының Директоры;

- Дарын Құралұлы Қаппаров, Астана қаласы Әкімдігі «Азаматтарды қабылдау орталығындағы» Алматы ауданы Әкімі аппаратының ресми өкілі;

- Оралсын КӨПБАЙ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің 1 курс студенті;

- Әсем Бауыржанқызы Төлеужанова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің 4 курс студенті.

   Диалог мәлімет пен пікір алмасу, идея мен ұсыныстар жасау түрінде өтті.

   «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы Мэлс Зайноллаұлы СЕМҒАЛИЕВ өз сөзінде жоғарыда аталған Әлеуметтік Жобаның орындалу барысы туралы айтты, филиалдардың су тасқыны кезіндегі халыққа жасаған қызметі туралы мәлімет берді, мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жасап жатқан жұмыстар туралы айтты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық Баяндаманың жобасына және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ОЭСР) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы баяндамаларына берілген ұсыныстар туралы ақпарат берді, Бірлестіктің болашақ жоспарлары туралы айтты.

    Астана қаласы Әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Иманәліұлы ӘЛМҰХАНОВ диалог барысында Елорданың мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жасап жатқан қызметтері туралы айтты, жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың өзектілігін және халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттырудың маңыздылығын атап өтті, бұл ретте «ЖАҢАРУ» Қозғалысының ұйымдастырып жатқан іс-шараларына оң баға берді.

    «ЖАҢАРУ» РҚБ Құрметті Төрағасы Оралбай Әбдікәрімұлы ӘБДІКӘРІМОВ өз кезегінде Қозғалыстың 10 жылдық тарихына қысқаша шолу жасап, Бірлестіктің республикалық ғана емес, халықаралық деңгейде де танымал болғанын айтып, «ЖАҢАРУ»-дың барша мүшелерін жаңа офистің ашылыуымен құттықтады. Ол жаңа офистің базасында Азаматтарды қабылдау орталығын, Пікір талас клубын, Студенттердің тәжірибе орталығын, Сыбайлас жемқорлыққа байланысты мәселелерді талдау тобын, Халықтық бақылау тобын құру туралы ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, Құрметті Төраға Қозғалыс қатарына жаңа мүшелерді тарту керектігі туралы да айтты, мемлекеттегі, қоғамдағы келеңсіздіктер туралы пікірлерді ашық айтып, халықты уақытында хабардар отыру қажет деді, бұл ретте кездесулер ұйымдастырып, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болу керектігін айтты.

    Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әскери кафедра басшысы, генерал-майор Еділ Лұқпанұлы ОРАЗОВ университеттің Әскери кафедрасы оқытушыларының студенттерден сержантарды дайындау кезінде патриоттық тәлім-тәрбие жұмысына, жастардың құқықтық сауаттылығын және олардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыруға көп көңіл бөлетінін айтты. Ол аталмыш мәселелермен «ЖАҢАРУ» Бірлестігінің айналысып жүргенін естіген соң өзінің осы Қозғалысқа мүше болғысы келгенін айтып, енді бұл сұрақтарды бірігіп шешуге атсалысатынын мәлімдеді.

   ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары Бейбіт Баймағамбетұлы МАМРАЕВ өз сөзінде біздер «ЖАҢАРУ» деген атымызға сай болуымыз керек дей отырып, жастар тәрбиесі, олардың дүние танымын сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын қылып өзгертуге арналған іс-шаралар жұмыстың басты бағыттары болу керектігін айтты. Ол оқу орындарындағы қаржы-қаражат саясатын талдау үшін қаржы мамандарынан арнайы топ құру туралы және аптасына бір рет қабылдау күнін ұйымдастыру туралы ұсыныстарын ортаға салды, сонымен қатар, жаңа жылға дайындықты осы бастан бастау қажет, келесі жылы жаңа жобалармен айналысу керек деді.

    «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары, Астана қалалық филиалының Директоры Дәулеткерей Рахметоллаұлы РАХМЕТУЛЛИН өзінің сөзінде елімізде болып жатқан реформалармен, әсіресе заңнамадағы өзгерістермен Бірлестіктің «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жоба бойынша жүзеге асырып жатқан жұмыстарын ұштастырып отыру керектігін баса айтты.  

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғам қайраткері, Қазақстан Журналистика академиясының академигі Дархан Қамзабекұлы МЫҢБАЙ «ЖАҢАРУ» Қозғалысымен бірге жұмыс істеуге ынталы екенін мәлімдеді. Ол өткір мәселелерді алғашқы болып көтеріп отыру керектігін, мысалы, айыппұлдар туралы шұғыл түрде айтылу қажет деді. Ол сонымен қатар, бизнес құрылымдардағы сыбайлас жемқорлықты зерттеп, зерделеуді бастаған жөн болар еді дей келіп, заңсыз жиналған активтің кімнен қайтарылғанын, кімге және не үшін берілгені ашық болу керек деді.

    Астана қаласы Әкімдігі «Азаматтарды қабылдау орталығындағы» Алматы ауданы Әкімі аппаратының ресми өкілі Дарын Құралұлы Қаппаров жұмыс орнындағы қызметтің қалай жолға қойылғандығы, оның тиімділігі туралы айтып берді. Егерде, «ЖАҢАРУ» Бірлестігі жаңадан ашылған офисінде азаматтарды қабылдауды ұйымдастыратын болса өзінің тәжірибесімен бөлісе алатынын мәлімдеді.

    Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің 1 курс студенті Оралсын КӨПБАЙ және осы университетің Заң факультетінің 4 курс студенті Әсем Бауыржанқызы Төлеужанова студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру туралы, жастардың құқықтық сауаттылығын және олардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру туралы өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.

    Жиналыстың соңына қарай сұрақ-жауап түрінде пікір алмасу өтті.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


WhatsApp Image 2024-05-30 at 20.59.28.jpeg

WhatsApp Image 2024-05-30 at 20.59.29.jpeg

WhatsApp Image 2024-05-30 at 20.59.29 (1).jpeg

Тізімге оралу