28.10.2026
АСТАНАДА СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
Бүгін, 2026 жылғы 28 қазан күні Астана қаласында «ЖАҢАРУ» РҚБ Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында спорттық шара өтті. Іс-шара Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру арқылы жастардың патриоттық сезімін қолдау, сондай-ақ жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, құқықтық тәрбиелеу, адалдық пен парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Футболдан өткен жолдастық кездесу тартысты әрі жоғары деңгейде өтті. Студенттер өздерінің командалық рухын, ептілігі мен жеңіске деген жігерін көрсетті.
Іс-шараға "ЖАҢАРУ" РҚБ Астана қалалық филиалының директоры бірлестік Кеңесінің мүшесі Дәулеткерей Рахметуллин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Балғабеков, Департаменттің жауапты қызметкері Ақерке Айтуева, Л.Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ Конституциялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Жамаледен Ибрагимов, Кәсіпкер Бауыржан Баймусинов сынды құрметті қонақтар қатысып тақырып аясында жастар алдында пікір кеңестерімен алмасты.
Қонақтар жастарға адалдық, әділдік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитет қалыптастырудың маңыздылығын, ал спорттың – осы құндылықтарды бойға сіңірудің ең тиімді жолы екенін атап өтті.
Спорт пен тәрбиені ұштастырған шара барысында, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жадынамалар таратылды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі