27.10.2026
Түркістан жоғары медицина колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тренинг өтті
Ағымдағы жылы 23 қазан күні ШЖҚ «Түркістан жоғары медицина колледжі» МКК-да 1-курс студенттері үшін ерекше форматтағы тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ-нің Түркістан облысы бойынша өкілі Рысбеков Ғани Құрмашұлы «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» тақырыбында жоба аясында тренинг өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ медицина мамандарының бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік иммунитет қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және адал ұрпақ тәрбиелеу.
Ақпараттық-түсіндірмелік кезеңінде Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Түркістан жоғары медицина колледжі" МКК, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мирзахмедова Айгүл Досанқызы, колледждің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы, "Жас сарбаз" клубының жетекшісі Үркімбаев Қоныс Жұманұлы қатысып, жастарға адалдық пен отансүйгіштік туралы өз ойларын білдірді.
Алған ақпаратты бекіту мақсатында ойын форматында студенттерге: Құқық дегеніміз - ....Заң дегеніміз - .....Пара беру мәселені шеше ме? Сіз адалдықты қалай түсінесіз? деген сұрақтар қойылып, жастар өз ойларын еркін жеткізді. Интерактивті талқылау арқылы студенттер құқық пен заңның мәнін, адалдықтың өмірлік ұстаным ретіндегі маңызын өздері тұжырымдады. Пара беру уақытша жол болғанымен, түпкілікті мәселені шешпейтіні, керісінше үлкен жауапкершілікке алып келетіні нақты мысалдармен түсіндірілді.
Алынған ақпаратты бекіту мақсатында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жадынамалар таратылды.
Мұндай танымдық кездесулер колледж жастарының азаматтық ұстанымын нығайтуға және әділ қоғам құруға өз үлесін қосатыны сөзсіз.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі

