21.09.2026
АДАЛДЫҚ – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
18-қыркүйек Жетісу университетінде «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында кездесу ұйымдастырылып, «Адалдық – әділ қоғамның негізі» тақырыбында студент жастармен сұхбаттасу іс-шарасы өтті.
Іс-шараны «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті бірлесіп ұйымдастырды.
Мақсаты – жастар арасында адалдық пен парасаттылықты дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заң мен тәртіпті құрметтейтін қоғам құру қағидаларын насихаттау.
Басты спикер ретінде университеттің Басқарма төрағасы – ректор, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облысы бойынша төрағасы Ермек Бөрібаев кездесу еркін форматта өтетінін айтып, студенттерді ашық сұрақ қойып, өз пікірлерін сұхбаттасу форматында еркін білдіруге шақырды.
Жиынға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Манап Қобылан қатыса отырып, өз сөзінде мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы айтып, «Заң мен тәртіп» қағидаты, адалдық пен әділдік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайында сөз қозғады.
Студенттер тарапынан, спикерлерге мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі және өздерін қызықтырған басқа да мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, жауап алды.
Бұл сұхбаттасу – жастар арасында құқықтық сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы маңызды қадам. Мемлекеттік органдар мен білім ордасының бірлескен бұл бастамасы студенттердің заң мен тәртіпті құрметтеуге, мемлекеттік қызметтің құндылықтарын ұғынуға мүмкіндік берді. Жиынның еркін форматта өтуі жастардың ашық пікір алмасуына және болашақ кәсіби бағдарын айқындауға септігін тигізді. Бұл іс-шара әділ әрі таза қоғам құрудың негізі жастардың парасаттылығынан басталатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі