17.09.2026
«ӘЛЕУМЕТТІК САНА ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ» тақырыбында дәріс оқылды.
Ағымдағы жылы 16-қыркүйекте Қызылорда ашық университетінде «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жобасы аясында студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамының құқықтық сауаттылығын арттыру, академиялық адалдық қағидаттарын нығайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Әлеуметтік сана және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында дәріс оқылды. Басты спикерлер ретінде жиынға оқу орнының бірінші проректоры Әбдікәрімов Бахытхан Жүнайдұлы, Қызылорда облысы бойынша «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ филиалының директоры Сүлеймен Сағатбек Болатбекұлы және «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1-2 курс білім алушылары қатысты.
Іс-шарада оқу орнындағы академиялық адалдықты сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, сондай-ақ әлеуметтік сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сағатбек Болатбекұлы өз баяндамасында қоғамда парақорлық пен кез келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидатын орнықтырудың маңыздылығына тоқталып, адалдық пен парасаттылықты қоғамдық құндылық ретінде дәріптеудің қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар жастардың бойында құқықтық жауапкершілікті күшейту, заң талаптарын құрметтеу және академиялық адалдық қағидаттарын күнделікті оқу үдерісінде ұстану бағытында мазмұнды ойлар ортаға салынды.
Жиын барысында білім алушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда әр азаматтың жауапкершілігі жөнінде құнды түсініктер қалыптастырды. Мұндай мазмұнды кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, олардың адалдық, әділдік, парасаттылық және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын берік ұстануына ықпал етеді.
Дәріс қорытындысы бойынша қатысушыларға академиялық адалдықты сақтау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті күнделікті өмір қағидатына айналдырудың маңыздылығы түсіндірілді.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі