10.07.2026
Заң үстемдігі – әділетті қоғамның негізі
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»РҚБ - нің «Жастарды құқықтық тәрбиелеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жобасы аясында Ақтау қаласының колледж студенттерімен заң үстемдігін насихаттау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті.
Іс-шараға «Жаңару» РҚБ-нің Маңғыстау облыстық филиалы директоры Д. Үсіпбаев, Маңғыстау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ЕТЖ инспекторы, полиция подполковнигі А. Салимбаев және Ақтау қаласы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры Х. Ахботин қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға заң талаптарын сақтау, азаматтық жауапкершілік және сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері туралы кеңінен айтылды.
Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі





