18.06.2026
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ
2022 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (UNODC) Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкімен (ЕҚДБ) бірлесіп, Астанада Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшылары және сарапшыларымен, сондай-ақ басқа да ұлттық серіктестермен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және азаматтық қоғаммен өзара әрекеттестік мәселелерін талқылады. БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы (UNCAC) мемлекеттік органдар үшін ұсыныстар мен бастамаларды әзірлеуде маңызды рөл атқарады. Соңғы жылдары Агенттік активтерді декларациялау, сыбайлас жемқорлықты қылмыстандыру және хабарлаушыларды қорғау салаларында елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар Агенттік хабарлаушыларға қатысты үдерістің жағымды сипатын көрсету мақсатында жаңа құқықтық термин – «әшкерелеуші» ұғымын енгізді.
Соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар реформалар мен науқандарды жүзеге асырды. Азаматтық қоғамның белсенді өкілдерінің бірі – «ЖАҢАРУ» Жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі. Ұйым сыбайлас жемқорлықпен күрестегі жетекші үкіметтік емес ұйымдардың бірі болып табылады. «ЖАҢАРУ» РҚБ-нің төрағасы Мэлс Семғалиев Конвенцияның, әсіресе үкіметтік емес секторды тарту ережелері ұйым қызметіне айтарлықтай ықпал ететінін атап өтті. БҰҰ Конвенциясының 13-бабына сәйкес «ЖАҢАРУ» мемлекет тарапынан Конвенция талаптарының орындалуын бақылап келеді. 2013 жылы құрылғаннан бері ұйым сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндамалардың жобаларын сараптамалық талқылауға қатысып, мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық құжаттарға ұсыныстар енгізіп келеді. Сонымен қатар, «ЖАҢАРУ» Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың тиімділігін арттыруға бағытталған заңнамалық бастамалардың авторы болды.
Бір мақсат жолындағы бірлескен жұмыс:
Биыл «ЖАҢАРУ» «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты республикалық әлеуметтік жобасын атқаруда. Жоба аясында дәрістер, пікірталастар, бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесулер, шеберлік сабақтары, жастар мәселелерін өңір басшыларымен және мемлекеттік органдар өкілдерімен талқылау, БАҚ пен әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыстар жүргізіледі. Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында арнайы бейнероликтер, буклеттер, жадынамалар, брошюралар мен әдістемелік ұсынымдар дайындалып, мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізілуде. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілер мен қоғам өкілдеріне арналған қосымша оқыту тренингтерін өткізу, сондай-ақ әртүрлі мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жоспарлануда. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың қаржылық мәселелерін шешу және олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету маңызды міндет болып қала береді.
Мемлекет тарапынан қолдау:
«Соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанның күн тәртібіндегі басты басымдықтардың біріне айналды, – дейді Мэлс Семғалиев, әрі бұл бағыт «Қазақстан - 2050» Стратегиясы сияқты маңызды мемлекеттік бағдарламалардың құрамдас бөлігі болып табылады». БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының қағидаттарына сәйкес мемлекет азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруға барған сайын белсенді түрде тартып келеді. Елде «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету орталықтары сияқты жаңашыл тәсілдер енгізіліп, бюрократиялықтан азаматтарға бағытталған заманауи мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіне айналуда. Бұл өз кезегінде тұрмыстық және өзге де сыбайлас жемқорлық түрлерінің алдын алуға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарын қолдауы, қоғамға арналған тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу тетіктері арқылы, соның ішінде азаматтық қоғам ұйымдарының талдамалық және зерттеу қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі үкіметтік емес сектор өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізіп отырады, ал «ЖАҢАРУ» ұйымына өз ұсыныстарын жоғары деңгейдегі басшылыққа тікелей жеткізу мүмкіндігі берілген. Мэлс Семғалиев пен оның әріптестері өз ұсыныстарын Парламентке, Үкіметке, министрліктер мен ведомстволарға, облыстық және жергілікті өкілді органдарға, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптарға тұрақты түрде жолдап келеді.
Ұйым Қазақстанның Азаматтық альянсымен және көптеген үкіметтік емес ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатып, ортақ ұстанымдар бойынша өзара қолдау көрсетеді. Оның өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ішкі істер министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестердің, сондай-ақ өңірлік және жергілікті деңгейдегі қоғамдық құрылымдардың жұмысына қатысып келеді. Мэлс Семғалиевтің айтуынша, негізгі мәселелердің бірі – республикалық және өңірлік деңгейлерде бюджет қаражатының жұмсалуы туралы толық ақпаратқа қолжетімдіктің аздығы. Сондай-ақ елдегі зерттеуші журналистердің қызметін қолдау қажеттілігі де өзекті болып қала береді.
ЛИДЕРСТВО ГРАЖДАНСКОГО АНТИКОРРУПЦИОННОГО ДВИЖЕНИЯ В КАЗАХСТАНЕ
В 2022 году Управление ООН по наркотикам и преступности (УНП ООН) совместно с Европейским банком реконструкции и развития (ЕБРР) встретились в Астане (Казахстан) с руководителями и экспертами Агентства по противодействию коррупции (АПК) и другими национальными партнерами для обсуждения текущего сотрудничества в сфере борьбы с коррупцией и взаимодействия с гражданским обществом.
Конвенция ООН против коррупции (UNCAC) играет важную роль для государственных органов в разработке рекомендаций и предложений. В последние годы АПК добилось успехов во многих областях, включая декларирование активов, криминализацию коррупционных правонврушений и защиту лиц, сообщающих о коррупции. Более того, АПК ввело новый юридический термин - «разоблачитель» для лиц, сообщающих о коррупции, чтобы подчеркнуть позитивность процесса.
За последние годы Казахстан провел ряд антикоррупционных реформ и кампаний. Одним из активных представителей гражданского общества является Республиканское общественное объединение «Общенациональное движение против коррупции «ЖАҢАРУ». Эта НПО является одним из лидеров в борьбе с коррупцией. Председатель движения Мэлс Семгалиев отметил, что Конвенция, в частности положения, касающиеся участия неправительственного сектора, значительно способствуют деятельности организации. На основе статьи 13 UNCAC, «ЖАҢАРУ» осуществляет мониторинг обязательств государства по выполнению Конвенции. С момента своего создания в 2013 году НПО проводит экспертные обсуждения проектов национальных докладов о борьбе с коррупцией и вносит предложения к государственным программам и стратегическим документам. «ЖАҢАРУ» выступило инициатором ряда нововведений в законодательство, направленные на повышение эффективности антикоррупционных законов в Казахстане.
Работаем вместе для достижения общей цели:
В этом году «ЖАҢАРУ» запустило общенациональный социальный проект под названием «Правовое воспитание молодежи – основа антикоррупционного мировоззрения». Проект включает в себя лекции, дискуссии, встречи со СМИ, мастер-классы, обсуждение проблем молодежи с руководителями регионов и государственных органов, а также освещение в СМИ и социальных сетях. Другие мероприятия по повышению осведомленности включают создание специальных антикоррупционных видеороликов, буклетов, листовок, брошюр и методических рекомендаций, а также разработку предложений и рекомендаций государственным органам. В дальнейшем планируются дополнительные тренинги для повышения осведомленности государственных служащих и общественности, а также укрепления сотрудничества. Кроме того, важным остается решение финансовых проблем неправительственных организаций, занимающихся противодействием коррупциии, и обеспечение их устойчивого развития.
Государственная поддержка:
«В последнее время борьба с коррупцией стала одним из ключевых приоритетов повестки дня Казахстана», - говорит Мэлс Семгалиев. Это направление также является важной частью стратегических государственных документов, включая Стратегию «Казахстан - 2050». Следуя принципам и духу Конвенции ООН против коррупции, государственная политика всё активнее вовлекает гражданское общество в реализацию антикоррупционной стратегии. В стране внедряются инновационные механизмы, такие как центры обслуживания по принципу «одного окна», которые способствуют переходу от бюрократических процедур к современным государственным услугам, ориентированным на потребности граждан, и помогают снижать уровень бытовой и других форм коррупции.
Президент Казахстана неоднократно поддерживал предложения неправительственных организаций через механизмы государственного заказа товаров и услуг для общества, включая аналитические и исследовательские услуги, предоставляемые организациями гражданского общества. Агентство по противодействию коррупции регулярно проводит встречи с представителями неправительственного сектора, а РОО «ЖАҢАРУ» имеет возможность напрямую доводить свои предложения до руководства страны. Мэлс Семгалиев и его команда регулярно направляют свои предложения в Парламент, Правительство, министерства и ведомства, областные и местные представительные органы, а также другим заинтересованным сторонам.
Организация сотрудничает с Гражданским альянсом Казахстана и многими другими НПО, поддерживая друг друга, когда их позиции совпадают. Представители «ЖАҢАРУ» участвовали в общественных советах Агентства по противодействию коррупции, Министерства внутренних дел, Министерства культуры и информации, а также на региональном и муниципальном уровнях. По мнению Мэлса Семгалиева, одной из ключевых проблем остаётся недостаточный доступ к детальной информации о расходовании бюджетных средств на региональном и национальном уровнях, как и необходимость поддержки работы журналистов-расследователей в стране.
Leading the civil society anti-corruption movement in Kazakhstan
In 2022, UNODC together with the European Bank for Reconstruction and Development (EBRD) met with the leaders and experts of the Anti-Corruption Agency (ACA) and other relevant national counterparts in Astana (Kazakhstan) to discuss ongoing cooperation on anti-corruption and civil society engagement. The UN Convention against Corruption (UNCAC) plays a significant role for state authorities in the development of recommendations and proposals. In recent years, ACA has achieved success in many areas, including asset declaration, criminalisation of corruption, whistleblowers protection. Further, ACA introduced a new legal term for whistleblowers to emphasise the positive aspect of the process–“разоблачитель” (debunker). In the past few years, Kazakhstan went through a series of anti-corruption reforms and campaigns. Among the active Kazakh civil society representatives is the Republican public association “The All-national Movement Against Corruption “Zhanaru”. The NGO is one of the leaders in fighting corruption. Chairman Mels Semgaliyev explained that the Convention, in particular those provisions related to the involvement of the non-governmental sector facilitate their work. On the basis of Article 13 UNCAC, “Zhanaru” monitors state’s obligations in implementing the Convention. Since its establishment in 2013, the NGO conducted expert discussions regarding the national report draft on combating corruption and made proposals to state programs and strategic documents. The “Zhanaru” initiated innovations in the legislative process aimed at improving the effectiveness of anti-corruption laws in Kazakhstan.
Working together for one goal:
This year, “Zhanaru” launched a nationwide social project titled “Holding a Set of Events to Raise Anti-Corruption Awareness among Young People.” The project includes lectures, discussions, meetings with the media, master classes, discussions on youth problems with leaders of the regions and state bodies, coverage in mass media and social networks. Other activities to raise awareness include the creation of special anti-corruption videos, booklets, flyers, brochures and methodological recommendations, developing proposals and recommendations to state bodies. More trainings will be held to further sensitize officials and the public as well as forge more collaborations. Moreover, it is essential to solve the financial problems of non-governmental organizations engaged in combating corruption and ensure their economic sustainability.
Support from the state:
“Recently, the fight against corruption has become one of the urgent priorities on Kazakhstan’s agenda,” says Mels Semgaliyev. It is also a key component of the country’s major policy frameworks, such as Kazakhstan’s “Strategy 2050.” Following the example and momentum of UNCAC, state policies increasingly involve civil society in the implementation of the anti-corruption strategy. The country has introduced innovations such as “one-stop shops,” transforming bureaucracy into modern, “customer-centred” public services to combat petty corruption and other forms of corruption. The President of Kazakhstan has repeatedly supported NGO proposals through the procurement of goods and services for communities and society, including analytical and research services provided by CSOs. The Anti-Corruption Agency meets regularly with representatives of non-governmental stakeholders, and “Zhanaru” has been given the opportunity to communicate proposals directly to senior leaders. Mels and his team regularly submit their proposals to Parliament, the Government, ministries and departments, provincial and local representative bodies, as well as all interested stakeholders. They cooperate with the Civil Alliance of Kazakhstan and many other NGOs to support each other when their positions overlap. Their representatives have participated in public councils of the Agency for Counteracting Corruption, the Ministry of Internal Affairs and the Ministry of Information and Public Development, as well as at regional and municipal levels. Lack of access to detailed information on budget spending at regional and national levels remains one of the key issues, Mels observed, as does the need to support the work of investigative journalists in the country.
https://zhanaru.kz/kz/soc/detail/1575/
