05.06.2026
Талғар қаласындағы медицина колледжінде лекция-дәріс өтті.
Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде Алматы облысы мен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім негізінде Талғар қаласындағы медицина колледжінде құқықтық тәрбие, оқу мәселелері бойынша лекция-дәріс өтті.
Мақсаты: жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен әділдікті насихаттау, құқықтық тәрбие беру.
Дәрісті «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Алматы облыстық филиалының директоры Сыдық Ардақ Маутханұлы жүргізді. «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шарада «еліміздің болашағы – жастардың қолында» екені тілге тиек болды.
Болашақ мамандардың, әсіресе медицина саласының қызметкерлерінің бойында әділдік және жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық құндылықтарының терең қалыптасуы шарт екені айтылды.
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында!

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі