04.04.2026
Құқықтық сауаттылық – әділ қоғамның іргетасы: жастар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу
2026 жылғы 3 сәуір күні сағат 11:00-де «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының қоғамдық кеңесі «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында «Құқықтық сауаттылық – әділ қоғамның іргетасы: жастар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің жоғары курс студенттерімен семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы фактілерге қатысты нөлдік төзімділік көзқарасын қалыптастыру,
құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті арттыру.
Семинарға қатысушылар тіркелген соң, іс-шара ашылып мақсаты мен міндеттері таныстырылды.
Семинар спикерлері Барышев С.Ж. – кеңес мүшесі: кіріспе сөз, іс-шараның маңыздылығы; Сабыр Қ.Қ. – кеңес мүшесі: сыбайлас жемқорлықтың қоғамға әсері; Сақтағанов А.Д. – кеңес мүшесі: құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері; Татимов Е.А. – кеңес мүшесі: жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу; Хамитов Т.А. – кеңес мүшесі: алаяқтықтың заманауи түрлері туралы түсіндірме; Әлиев Қ.С. – кеңес мүшесі: құқықтық жауапкершілік және заң талаптары тақырыбында баяндамалар жасап, сөз сөйледі.
Баяндамалардан соң қазіргі кездегі алаяқтық түрлері туралы ақпарат
(телефон арқылы код сұрау, интернет алаяқтық және т.б.) беріліп, құқықтық жауапкершілік және заң талаптары жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Студенттер өз сұрақтарына жауап алып, пікірлерімен бөлісті, практикалық жағдайлар талқыланды. Қатысушылардың құқықтық сауаттылық деңгейін анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Олардың сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарастары зерделенді.
Семинар соңында ұсыныстар мен пікірлер жинақталып тақырып қорытындыланды. Ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға алғыс білдірілді.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі