
«ЖАҢАРУ» Қызылордалық тыл ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы Қызылорда қалалық филиалының өкілдері қала тұрғыны тыл ардагері Ақбілек Ағымбаеваны мерекемен құттықтады.Филиал директоры Серік Досманбетов ардагердің шаңырағына арнайы барып, Жеңіс үшін қосқан ерең еңбегіне алғыс айтып, шың жүректен құттықтады.
Іс-шараның басты мақсаты — ардагерлерге құрмет көрсету, олардың ерлік пен еңбекке толы өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету.
Шара барысында тыл ардагеріне жылы лебіздер айтылып, ел үшін атқарған қажырлы қызметіне алғыс білдірілді.
“ЖАҢАРУ” баспасөз қызметі