«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз! 10.12.2024

Құттықтаймыз!

    9 желтоқсанда атап өтілетін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін атап өту күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінде салтанатты түрде кездесу өткізіліп, Елорда белсенділерін яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қосқан үлесі үшін азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.

    Іс-шараның негізгі мақсаты өз еңбегімен және жеке үлгісімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға және құқықтық мәдениетті жақсартуға ықпал ететін азаматтар мен кәсіби қоғамдастық өкілдерінің еңбегін тану болды.

    Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырып, қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген үшін «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бірлестігі Астана қаласы филиалының директоры, төраға орынбасары Рахметуллин Даулеткерей Рахметоллаұлы да Құрмет грамотасымен марапатталып, «ЖАҢАРУ» РҚБ-гі «Үздік қоғамдық ұйымы» номинациясына ие болды.

    Белсенділер арасында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, комплаенс-офицерлер, адвокаттар алқасының төрағалары, заң кеңесшілері, нотариустар, жеке сот орындаушылары және еріктілер атап өтілді.


«ЖАҢАРУ» баспасөз қызметі


WhatsApp Image 2024-12-10 at 16.29.11.jpeg


WhatsApp Image 2024-12-10 at 16.29.10.jpeg


Тізімге оралу