«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Антикорда кеңес өтті

В Антикоре прошло совещание 06.12.2024

Антикорда кеңес өтті

2024 жылғы 6 желтоқсан күні  Астана қаласында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде білім мен ғылымды қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.

Кездесуге келесі тұлғалар қатысты:

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері;

- орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері;

- Антикордың Қоғамдық кеңесінің мүшелері;

- әкімдердің орынбасарлары (онлайн);

- Антикордың аумақтық департаментерінің басшылары (онлайн);

- жоғары оқу орындарының ректорлары, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық бағынысты ғылыми институттарының басшылары (онлайн);

- білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары (онлайн);

- мектеп директорлары мен есепшілері (онлайн).

Жиналысқа «ЖАҢАРУ» РҚБ басшылары қатысып, сөз сөйледі:

- Мэлс Зайноллаұлы СЕМҒАЛИЕВ, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі;

- Бейбіт Баймағамбетұлы МАМРАЕВ, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі



WhatsApp Image 2024-12-06 at 20.35.58.jpeg


WhatsApp Image 2024-12-06 at 20.35.59.jpeg

Тізімге оралу