«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

«ЖАҢАРУ» қозғалысының мүшелері Атырау қаласында ғылыми панелдік сессияға қатысты

  • ЖАҢАРУ
  • Жаңалықтар
  • «ЖАҢАРУ» қозғалысының мүшелері Атырау қаласында ғылыми панелдік сессияға қатысты
Члены движения «ЖАҢАРУ» приняли участие в научной панельной сессии в городе Атырау 12.04.2024

    2024 жылғы 9 наурыз күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Академик Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған Ғылым онкүндігі аясында «Аймақтағы ғылым – өңір үшін» атаулы панелдік сессия ұйымдастырды.

    Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы ғылымның жай-күйіне тікелей байланысты, оған мемлекет соңғы кезде үлкен көңіл бөліп, қомақты қаржы бөліп келеді.

    Ендігі кезек республиканың жоғары оқу орындарында.

    Өңірлерде ғылымның, әсіресе қолданбалы ғылымның қолдауын күтіп тұрған өзекті мәселелер жетерлік.

    Бұл өнеркәсіпке де, машина жасау саласына да, минералды шикізат өндірісіне де, ауыл шаруашылығына да, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге де қатысты.

    Бұл ретте экология, гидроэкология, тарихи ескерткіштерді сақтау, экономиканың барлық саласы үшін сапалы мамандар даярлау мәселелері ерекше назар аударуды қажет етеді.

   Осының барлығы Атырауда өткен ғалымдардың басқосуында сөз болды.

    Бұл жерде жас ғалымдардың, докторанттар мен магистранттардың және студенттердің, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің үндеріі басым болғандығы көңілге қонымды болды.

    Панельдік сессиялардың отырыстарына «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің келесі өкілдері қатысып, сөз сөйледі:

Бейбіт Баймағамбетұлы МАМРАЕВ, профессор, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Төрағасының орынбасары;

- Саламат Нұрмұханұлы ИДРИСОВ, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының Директоры, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректор.

Б. МАМРАЕВ ғылымға деген қызығушылық ең алдымен мектептен басталатындықтан, өңірдегі жалпы білім беретін мектептермен ынтымақтастықты жандандыруға назар аударды.

    Бұл ретте тұлғаны дамытудағы педагогика мен психологияның рөлі ерекше.

    Орта мектептің математика пәнінің мұғалімін дайындамайынша, университет қабырғасында болашақ инженерді сапалы дайындауға қол жеткізу қиын.

    Оларды орта мектептен бастап дайындау керек, мұғалімдер мен педагог-психологтар мектеп оқушыларының жеке қабілеті мен қызығушылығын анықтауы керек.

    2021 жылдан бастап университет жанындағы «Ұстаз» мектебінде 10-11-сыныптарда математика мен физикаға басымдық берілген педагогикалық мамандықтарға оқуға түсу үшін шалғай ауылдардан келген дарынды жігіттердің білім алуы қуантады.

    5-6 жылдан кейін орта мектептерге жас ер мұғалімдердің келуі мектептегі дайындықты жақсартуға көмектеседі.

    Атырау университетінің бұл тәжірибесін республиканың басқа да жоғары оқу орындары қазірдің өзінде қабылдап жатыр.

    Математикалық білімді тереңдету болашақта IT-технологияларды дамытуға және техникалық мамандықтарды игеруге көмектесетіні белгілі.

   «ЖАҢАРУ» өкілдері ғылыми панельдік сессиялар тақырыптарының Бірлестік Жарғысының қағидаттарымен және Бірлестік іске асырып жатқан «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның мақсаттарымен сәйкес екенін атам өтті.

    Осыған байланысты ғалымдар мен университет оқытушыларының назарлары практикалық қызметі қоғамда сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін болашақ заңгерлерді даярлау сапасын арттыруға аударылды.

    Жоғарыда аталған Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.

    Ғылыми панельдік сессияның ауқымды тақырыптары (Жастар және ғылым; Аймақтың экологиялық проблемаларының ғылыми шешімдері; Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін тарихи-археологиялық зерттеулер) Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің базасында ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу және оларды одан әрі коммерцияландыру үшін облыс әкімі орынбасарының жетекшілігімен Ғылыми-техникалық даму жөніндегі аймақтық Кеңес құру туралы ұсыныстарды қабылдауға мүмкіндік берді.

    Кеңес құрамына жетекші ғалымдарды, білімді қажет ететін кәсіпорындар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерін қосу туралыда ұсыныс болды.

    Сондай-ақ, университеттегі ғылыми жұмыстарды ұйымдастырушыларға тәуелсіз кешенді экологиялық сараптама жүргізу үшін «КАСПИЙ» экологиялық мониторинг және кешенді экологиялық зерттеулер зертханасын аккредиттеу ұсынылды.

Тізімге оралу