13.07.2026
2026 жылғы жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституция - ел дамуындағы жаңа дәуірге қадам басқанымызды білдіреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Халықтық Конституция – стратегиялық сенім мандаты және ұзақ мерзімді мақсаттар мен өрлеу жолына бастайтын жаңа қоғамдық келісім».
Біз, «ЖАҢАРУ» қозғалысының мүшелері, Құрылтай сайлауына қатысатын барлық партияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тек сайлауалды риторика емес, халық алдындағы саяси жауапкершілігіне негіз етуге үндеу жасаймыз.
Жемқорлық азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін жояды, экономиканың дамуын тежеп, әділетсіздікке жол береді.
Құрылтай құрамына әрбір үміткер партия «Заң мен Тәртіп», «заң мен сот алдында бәрі тең» қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ете ала ма? деген қоғамның негізгі сұрағына ашық жауап беруге тиіс деп санаймыз.
Біз саяси партияларды:
1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңды қатаң сақтауға;
2) жемқорлық мәселелерін және оны жою жолдарын сайлаушылармен ашық талқылауға, қоғамда жемқорлықтың кез келген түріне төзімсіздік атмосферасын қалыптастыруға ықпал етуге;
3) сайлау науқанын қаржыландырудың ашықболуын қамтамасыз етуге шақырамыз.
Азаматтардың құқықтарын қорғауда, мемлекеттік басқаруда, саясатта, ғылымда, білімде және қоғамдық өмірдің басқа да салаларында ұрпақтардың институционалдық сабақтастығы елдің дамуына ықпал етеді.
Сайлау - тек қана құқық емес, сонымен қатар жауапкершілік, сайлау дегеніміз - бағдарламалар мен идеялар бәсекесі.
Біз, «ЖАҢАРУ» қозғалысының мүшелері, Құрылтай сайлауына сайлаушыларды да Құрылтай сайлауына белсенді түрде қатысуға шақырамыз.
Біз билік пен қоғамның өзара сенімін нығайта отырып, күшті, әділетті және заманауи мемлекет құрамыз!

«ЖАҢАРУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ