«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Абай облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында қалалық шағын футбол турнирі өтті. Турнирді «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Абай облыстық филиалының директоры Орынбеков Думан Рымғалиұлы алғы сөз сөйлеп басты спикер ретінде жоба аясында жалпы мағлұматтар берді.
Жоба аясындағы спорттық іс шараның мақсаты – құқықтық сауаттылық, жастардың салауатты өмір салтын ұстануға баулу арқылы бұқаралақ спортты дамыту, қоғамда әділдік, адалдық және салауатты өмір салтын насихаттау.
Додаға 5 команда қатысып, айналмалы ойында өзара кім мықтыны анықтады. Жанкүйерлердің делебесін қоздырған, соңғы секундтарға дейін шиеленісті өткен ойындардың қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды:
1-орын - «Семей банкінің орталық несиесі»
2-орын - «Саналы ұрпақ»
Іс - шара аясында жеңімпаздар арнайы кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталып жемқорлыққа қарсы насихат парақшалары таратылды. Қатысқан барлық командаларға шынайы спорттық рух пен «Адал қоғам» қағидасын қолдағандары үшін алғыс айтамыз! Спорт - денсаулық кепілі, ал адалдық - қоғам тірегі!
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі
