23.04.2026
20.04.2026жыл.
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен Өскемен қалалық білім бөлімінің №11 мектеп-лицейінде жоғары сынып оқушыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кездесуге арнайы шақырылған «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі, Жексембаев Қайнар Ерланұлы қатысып, басты спикер ретінде оқушылармен ашық диалог құрды.
Жиын барысында Қайнар Ерланұлы еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын, заңнамалық жаңашылдықтарды және парасаттылық идеологиясын ілгерілетудің маңызын жан-жақты түсіндіріп өтті. Спикер сыбайлас жемқорлық тек мемлекеттік деңгейдегі мәселе емес, ол күнделікті өмірдегі әділеттілік пен адалдықтан басталатынын атап көрсетті.
Мектеп қабырғасындағы адалдық — болашақ жетістіктің кепілі
Кездесудің басты назары мектептегі академиялық адалдыққа аударылды. Қайнар Ерланұлы 11-сынып түлектеріне арнап, алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) алдында маңызды кеңестерімен бөлісті.

«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі