20.02.2026
19 ақпанда Қарағанды индустриялық университетінде «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жоба аясында жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған дәріс іс-шарасы өтті.Кездесу барысында университеттің комплаенс-офицері, Қарағанды облыстық филиалына қарасты директорының орынбасары Самал Серікқызы Ибрагимова студенттерге қолданыстағы заңнаманың негізгі нормаларын, академиялық адалдық қағидаттарын, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін көзделген жауапкершілікті түсіндірді.
Іс-шара барысында насихат парақшалары таратылып, спикер тарапынан дәріске қатысушыларға жобаның мақсаты мен мазмұны таныстырылып, адалдық, ашықтық және азаматтық жауапкершілік қағидаттары талқыланып, жоғары этикалық жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды қалыптастырудың маңыздылығы айтылып, әрбір білім алушының ашық әрі әділ білім беру ортасын қалыптастырудағы рөліне, жеке жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында студенттер QR-код арқылы сауалнамаға қатысып, кері байланыс берді.
Бұл құқықтық мәдениет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша олардың хабардарлық деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі



