19.02.2026
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жобасы аясында «Әділетті Қазақстанның конституциялық тұғыры ретіндегі заң мен тәртіп» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.Мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциялық негіздерін кеңінен насихаттау, қоғамда заң үстемдігі мен тәртіп қағидаттарын нығайту, «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы аясында құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңызын түсіндіру, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді және жауапты қарым-қатынасты дамыту.
Міндеттері: Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы нормаларының маңызын талқылау, заң мен тәртіптің қоғам тұрақтылығындағы рөлін түсіндіру, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.
Спикерлер: ««ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры, п.ғ.к. Койшигулова Л.Е; Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қосыбаев К. Т., ҚХА Ақсалдар кеңесінің мүшесі Ғабдолла Хамза; Қазақстан халқы Ассамблеясы Институтының директоры, з. м. Бақытова А.Ж. қатысты.
Спикерлер жаңа Конституциялық реформалардың маңыздылығын, олардың әлеуметтік-саяси өмірге әсерін қатысушылармен бірге талқылады.
Іс – шара барысында, қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісті.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі






