17.02.2026
2026 жылғы 17 ақпанда Астана қаласында зум форматында «ЖАҢАРУ» бірлестігінің жоба жұмысын жалғастыру бойынша филиал өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті.Онлайн отырысқа орталық кеңседен төраға Семғалиев Мэлс Зайноллаұлы, төраға орынбасары Мамраев Бейбіт Баймағамбетұлы және бірлестік белсенділері мен филиал директорлары қатысты.
Күн тәртібінде 2026 жылғы жоба аясында өткізілетін іс-шараларды анықтау, нақтылау, бекіту және қоғамдағы өзекті мәселелер қаралды.
Өңірлерде жастар арасында құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша жүргізілетін шаралар барысы талқыланып, өзара пікір алмасты.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі




