16.02.2026
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ - нің «Жастарды құқықтық тәрбиелеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жобасы аясында Есенов университетінде жастар арасында адалдық, ашықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған кездесу ұйымдастырылды.Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Әділханов Қ.Н., «Жаңару» РҚБ-нің Маңғыстау облыстық филиалы директоры
Үсіпбаев Д.М,
«Саламатты Ел» қоғамдық қорының директоры, Ақтау қалалық Қоғамдық кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытының жетекшісі Есетова Г.Б., сондай-ақ «Маңғыстау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі, «Шуағыңды шаш» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Шамшадинова А қатысты.
Кездесу барысында спикерлер студенттерге сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері, адал еңбек пен әділ ұстанымның маңыздылығы жөнінде нақты мысалдар келтіре отырып түсіндірді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке келу талаптары, азаматтық жауапкершілік және жастардың өз ортасында адалдық қағидаттарын насихаттаудағы рөлі кеңінен талқыланды. Студенттер белсенділік танытып, пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап алды.
Адал қоғам бір күнде қалыптаспайды — ол білімді, саналы және жауапкершілікті жастардан басталады. Бүгінгі студент – ертеңгі шешім қабылдайтын азамат. Сондықтан адалдықты өмірлік ұстанымға айналдыру әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Осындай мазмұнды кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, қоғамға деген сенімді нығайта түсетіні сөзсіз.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі





