11.02.2026
«ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары, Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы Бейбіт Мамраев басшылығымен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің 2026 жылғы алғашқы отырысы өтті.
Отырыс ағымдағы жылы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысуымен болды.
Күн тәртібінде Министрлік қызметінің жоспарлары, сондай-ақ ҚР жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының, Ғылымды шоғырландыру аумақтарын құрудың және дамытудың 2026-2035 жылдарға арналған тұжырымдамасының және ҚР тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының іске асырылу барысы қаралды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


