09.02.2026
9 ақпанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясында «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-гі Батыс Қазақстан облыстық филиал директоры Баяхов Әліби Науханұлының қатысуымен «Цифрландыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту тәсілі ретінде" тақырыбында семинар өтті.
Семинарда сондай-ақ «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-гі БҚФ мүшесі Марат Рахимұлы Қызылбасов сөз сөйледі. Өз сөзінде цифрландырудың оң нәтижесі ретінде, 10 жыл жеңілдікті тұрғын үй кезегінде тұрып, өз құқықтарын білмей баспаналарына қол жеткізе алмай жүрген бірнеше жетімдер тарапынан «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-на өтініш түскенін атап айтты. Өтініштері қаралып, «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында жеңілдікті тұрғын үй кезегінен негізсіз айырылған жетім балалардың пәтерлерге жеңілдік құқықтарының қалпына келтірілгенін яғни пәтерлеріне қол жеткендіктері туралы баяндады.
Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің (КАЗУИиТС) Цифрландыру жұмыстары бойынша проректоры Дусказиева Жанар Нұрлыбайқызы мемлекеттік қызметтерге цифрландыруды енгізу туралы баяндады. Электрондық үкімет жүйесін енгізу азаматтар мен мемлекеттік органдар өкілдері арасындағы жеке байланысты айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік бергені атап өтілді. Мемлекеттік қызметтерді онлайн-форматта алу тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайтуға және әкімшілік рәсімдерді жеделдетуге ықпал етеді.
Мемлекеттік сатып алудың электрондық платформалары бюджет қаражатын бөлу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді, қатысушылардың тендерлерге қолжетімділігін кеңейтеді және қоғамдық бақылау үшін жағдай жасайды.
Цифрлық құжат айналымы шешім қабылдаудың барлық кезеңдерін тіркейді, бұл құжаттарды жалғандық жолмен ауыстыру мүмкіндігін азайтады және лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігін арттырады.
Мемлекеттік деректердің қолжетімділігін дамыту мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға ықпал етіп және талдау құралдары арқылы әлеуетті сыбайлас жемқорлықты анықтауға мүмкіндік береді.
Цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге:яғни
лауазымды тұлғалардың дискрециялық өкілеттіктерін азайтуға;
әкімшілік рәсімдерді стандарттауға;
мемлекеттік шешімдердің ашықтығын арттыруға;
цифрлық операциялардың кейінгі аудитінің мүмкіндіктері есебінен қол жеткізілетінін көрсетеді.
Цифрландыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қалыпты тәсілдерінен алдын алу шараларына көшуге ықпал етеді, яғни сыбайлас жемқорлықтың туындау жағдайлары айтарлықтай шектеледі.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі

