03.02.2026
Ағымдағы жылғы 29 қаңтар Қазақстан Республикасының Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының алаңында Агенттік төрағасының қатысуымен «Адалдық идеологиясын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдағы мәдениетті ілгерілетудің негізгі бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Парламент депутаттары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – аталған тақырып аясында өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасу алаңын қалыптастыру.
Аталған іс-шараға «ЖАҢАРУ» РҚБ-гі төраға орынбасары, профессор Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев қатысып, қатысушылар тарапынан талқыланатын мәселелер бойынша өз ұстанымдарын білдіріп және мазмұнды пікір алмасты.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі




