05.02.2026
2 ақпанда «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-гі Ақмола облыстық филиалының белсенділерімен «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанаты Ақмола филиалының Жастар активімен бірлесіп ұйымдастырылған «Жастарды құқықтық тәрбиелеу-сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында кездесу іс-шарасы өтті. Кездесу іс - шарасына басты спикерлер ретінде Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Жастар Рухы басшысы Сұлтанбек Бекешев пен «ЖАҢАРУ» бірлестігінің облыстық филиал жетекшісі Игорь Плюснин қатысты. Бүгінгі таңда қоғамның болашағы үшін маңызды тақырыпқа арналған жастарды әділдікке, заңдылыққа және барлығына тең ережелерге сұраныс қалыптастыратын күшке айналуда. Кездесу барысында сөз алған спикерлер азаматтық ұстаным туралы, күнделікті өмірдегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік туралы, қоғамның үнсіз келісімі кез келген бұзушылыққа қарағанда қауіпті екендігі туралы ашық айтылды.
Құқықтық тәрбие формальдылық емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық иммунитеттің негізі болып табылады. Кездесу күн тәртібінің қорытындысы бойынша аталған ұйымдар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып жалпы мақсаты жүйелі бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру яғни ағарту іс-шараларын өткізу, жастарды қоғамдық бақылауға тарту, жергілікті жерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды дамыту үшін мүмкіндіктер ашу.
«ЖАҢАРУ» бірлестігінің жетекшісі Игорь Плюснин өз сөзінде қоғамда яғни жастар ұйымдардың күш-жігерін біріктіру арқылы ғана біз нақты өзгерістерге қол жеткізе алатынымызға және заңдылық мәдениетін нығайта алатынымызға сенімдімін деді.
«ЖАҢАРУ» Баспасөз қызметі






