18.11.2025
Жезқазған қаласында «Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жоба аясында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ-ның Ұлытау облыстық филиалының директоры Алданьязов Таубагул Тажбаевич «Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен кездесу өткізді.Кездесу іс-шарасының мақсаты – мекемелердегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту, жауапкершілік пен ашықтық қағидаттарын нығайту, ұжымда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру.
Кездесу барысында мекеме қызметкерлері сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша өзекті мәселелерді, мәселені шешудің тиімді жолдарын және өзара қарым-қатынас орнатуды талқылап, өңіріндегі жастар мәселісі талқыланып, жоба аясында өткізетін іс-шараларды бірігіп өткізуге келісілді.
Себебі сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру - нақты міндет.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі

