17.11.2025
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігіне қарасты Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында Петропавл қаласы «Қожаберген Жырау» атындағы № 6 мектеп базасында «Анам, әкем, мен – біз тату отбасымыз» - атты спорттық іс - шара өткізді. Іс-шараға «ЖАҢАРУ» РҚБ-гі өңірлік филиалының аппарат жетекшісі Анар Букуева және мектеп дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қанат Кайржанұлы Бакеев жас ұрпақтың отбасылық құндылықтарын нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастамаларға қолдау білдірді.
Спорттық іс - шараның мақсаты-салауатты өмір салты құндылықтарын дамыту, отбасыларды біріктіру және балалар мен олардың ата-аналары арасында адал, ашық және әділ бәсекелестік қағидаттарын ілгерілету. Қатысушылар эстафеталарға, спорттық тапсырмаларға және командалық конкурстарға белсенді қатысып, өзара көмек, бірлік пен жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті. Мұндай іс — шаралар балалардың физикалық дамуына ғана емес, сонымен қатар қоғамда адалдық, сенім және жауапкершілік құндылықтарын - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізгі қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді. Шара ұйымдастырушылар тарапынан Анар Букуева жоба тақырыбында шолу жасап, барлық қатысушыларға белсенділігі, позитивті көзқарасы және жылы атмосферасы үшін алғысын білдірдіре отырып, жеңімпаздарға марапаттарын табыстады. Іс-шара өте тартымды да қызықты өтіп, ата-аналар тарапынан алғыстарын білдірді.

«ЖАҢАРУ» РҚБ-гі Баспасөз қызметі