15.11.2025
14.11.2025ж.«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ-інің Астана қалалық филиалы Астана қаласы Әкімдігінің №7 «Балаларың және жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры Серік Абдулаұлы Халеловтің қолдауымен педколлективімен бірлесіп ұйымдастырылған «Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» арнайы әлеуметтік жобасы шеңберінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, педагогтерімен, оқушылармен «Халықаралық спорт шебері», дүние жүзіне аты танымал, әлем чемпионы, ардагер палуан Орынбек Сейдағаламұлымен кездесуі өткізіліп, оның спорт саласындағы жеңістері мен жеттістіктері туралы баяндалып, спорт мектебінің бүлдірші оқушылары, жаттығушыларымен есте қалар жылы сұбхатасу болды.
Мақсаты – жасөспірімдерді адалдыққа тәрбиелеу яғни жастар санасына сыбайлас жемқорлық, нашақорлықтың, тұрмыстық құқық бұзушылықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидасын және аталған мәселе бойынша белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру туралы айтылды.
Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және тұрмыстық құқық бұзушылық жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу шеңберінде ұйымдастырылған жиынға «ЖАҢАРУ» РҚБ-інің Астана қалалық филиал басшысы Дәулеткерей Рахметоллаұлы Рахметуллин, «Халықаралық спорт шебер», дүние жүзіне аты танымалы, Әлем чемпионы, Ардагер палуан Орынбек Сейдағаламұлы, Астана қаласы Әкімдігінің №7 спорт мектебі басшысының оқу-тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары Анара Сергеевна Тисбаева қатысып, сөз сөйлеп, дәріс оқылып, сұбхатасу іс-шарасы, пікір алмасып, тәрбие жаңа көзқарастар мен методикалар туралы айтылды.
Жиында Астанадағы мемлекеттік органдардың «ЖАҢАРУ» РҚБ-мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы, нашақарлыққа және әртүрлі құқық бұзушылықты болдырмау бағытында жасалып жатқан жұмыстары, өскелең ұрпақтың бойында аталған мәселеге қарсы «иммунитет» қалыптастыру туралы іс-шаралармен таныстырылды.
Сондай-ақ оқу орында орналасқан сенім жәшігі, директор блогы, коррупциияға қарсы жасалған саиты таныстырылып, ата-аналар, оқушылар, оқытушылар сауалнамасының көрсеткіші секілді бірқатар жұмыстар талқыланды. Сонымен бірге аталған тақырып бойынша видеоролик көрсетіліп, шара қатысушылар сауалдарын жолдап, пікір білдіріп, сұрақтарына толық, түсінікті жауап алды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі



