24.09.2025
2025 жылғы 23 қыркүйекте Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде оқытушылар, қызметкерлер, персонал мен студенттер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған «Жастарды құқықтық тәрбиелеу—сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің модераторы ретінде «ЖАҢАРУ» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы» РҚБ СҚО филиалының директоры Темірғали Текебасұлы Әбілмәжінов сөз сөйледі.
Іс-шараға келесі спикерлер шақырылды:
- Жұмабек Жанат Серікұлы – «ЖАҢАРУ» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы» РҚБ СҚО филиалы директорының орынбасары;
- Насиров Рустам Хыдырұлы – Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі;
- Манбетеев Рустам Керейұлы – СҚО ПД жеке құраммен жұмыс басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі;
- Джемалединова Инна Михайловна – Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің бас комплаенс-офицері.
Ашық диалог алаңы форматында өткен іс-шара барысында келесі өзекті мәселелер көтеріліп, кеңінен талқыланды:
- Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру;
- Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудың негізі ретінде құқықтық сауаттылықты арттыру;
- Қазіргі қоғамдағы жемқорлыққа қарсы күрес шаралары;
- Білім беру ұйымдарындағы комплаенс қызметі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерінің бірі ретінде.
Сонымен қатар, тарих және қазақстандық құқық пәнінің оқытушысы Ирина Александровна Сергеева жастар арасында жұмыс істейтін «САНАЛЫ ҰРПАҚ» құқықтық клубының қызметі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тәжірибесімен бөлісті.
Бұл іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және адал, әділетті қоғам құру жолында олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.
«ЖАҢАРУ» баспасөз қызметі







