23.09.2025
"ЖАҢАРУ" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы" РҚБ-нің Астана қалалық филиалы ұйымдастыруымен, 2015 жылдың 23 қыркүйегінде Евразиялық Ұлттық Университетінің Заң факультетінде білім алушыларға арнайы кездесу өткізіліп, дәріс оқылды. Арнайы жоба ауқымында:
- “ЖАҢАРУ” РҚБі Төрағасы орынбасары - Астана қалалық филиалының Директоры Рахметуллин Д.Р. ,
- Астана қалалық білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бөлімінің бас маманы Хасенова Г.Т.;
- Астана қаласы Алматы ауданының полиция басқармасының учаскелік инспекторы, полиция майоры Мауленов Ғ.А.;
- Кәсіпкер Крамарь Г.А.;
- Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры, Заң ғылымдарының докторы Ж.И.Ибрагимов қатысып, Сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында, заңнамалардың негізгі принциптерін баяндап, өздерінің сыбайлас жемқорлықа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сананы, құқықтық мәдениетті жетілдіруге байланысты тәжірибелік тұрғыда ойларымен бөлісті.
Арнайы дәріске қатысқан тәжірибелі мамандармен пікір алмасып, білім алушылардың құқықтық санасын көтеруге қатысты іс-шара, негізгі құқықтық заңнамалардің студент жастардың күнделікті өмірлеріне қатысты тәртіпті бірігіп түсіндірулермен жалғасып, 2 сағаттық диалогтық кездеу қарқынды өтті.
Білім алушылар мамандарға сауалдарын қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты іс-шараларға белсенді қатысатындықтарын жеткізді.
Әр саланың мамандары болашақта бірлесіп жұмыс істеуге шақырып, кәсіби мамандықтың иесі болуға кеңестерін берді!
«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі
