19.09.2025
Ақтау қаласында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ -гі Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жобасы аясында Ақтау қаласының №21 жалпы білім беретін мектептің Ата-аналар қауымдастығымен құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, өскелең ұрпақ арасында заңға бағынатын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды ілгерілету арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланып сұхбаттасу жиыны өткізілді.Кездесуге «ЖАҢАРУ» РҚБ-нің Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары, облыстық ата-аналар кеңесінің төрағасы Аллаберген Қонарбаев, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік
полиция инспекторы Абдиуалиев Азамат, психолог маманы - Тасболатова Махаббат, әлеуметтік педагог маманы - Түгелбаева Мадина және мектеп директоры Зарухан Қосқуатқызы және ата аналар қатысып отырды.
Кездесу барысында — жастар тәрбиесі мен жемқорлықтың қоғамға, адамға, отбасы мен достарына тигізетін кері әсерлері көрсетілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жас қызметкерлердің бос уақытын пайдалы әрі тиімді өткізуін ұйымдастыру қажеттілігі айтылды. Отбасы институты арқылы «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын дамыту жеке тұлғаның қалыптасуының барлық кезеңдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды сіңірудегі табыстың іргелі факторы болып табылады.
Іс-шара соңында ата - аналар спикерлерге пайдалы дәріс оқығаны, пікір алмасу сұхбаттасу үшін алғыстарын жеткізді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі





