17.09.2025
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ - нің «Жастарды құқықтық тәрбиелеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жобасы аясында Маңғыстау облысының мәдениет саласының жас қызметкерлеріне «жемқорлық– қоғам дерті, және ғасыр індеті тақырыбында дәріс оқылды.Кездесуге «Жаңару» РҚБ-нің Маңғыстау облыстық филиалы директоры Дайрабай Үсіпбаев және “Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің үйлестірушісі,
Мемлекеттік қызметтер істер агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің маманы, облыстық ғылыми әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының директоры қатысты.
Кездесу барысында — жемқорлықтың қоғамға, адамға, отбасы мен достарына тигізетін кері әсерлері көрсетілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жас қызметкерлердің бос уақытын пайдалы әрі тиімді өткізуін ұйымдастыру қажеттілігі айтылды.
Шара соңында жас қызметкерлер спикерлерге пайдалы дәріс оқығаны үшін алғыстарын жеткізді.
ЖАҢАРУ баспасөз қызметі






