
Жиынға аудандық мекеме басшылары, жеке бөлім басшылары, аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, ауланның белсенді азаматтары да шақырылды.
Кеңесті ашқан аудан әкімі Алмас Алин жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.
Кездесуге қатысушылар «Жаңару» қозғалысының мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, өңірлерде азаматтық бақылауды күшейту, құқықтық сауаттылықты арттыру және жергілікті атқарушы органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында іске асырылып жатқан шаралар мен жобалар туралы айтты. Сондай-ақ, олар саладағы тәжірибелерімен бөлісіп, жемқорлықтың алдын алу шаралары мен қауіпсіздік мәдениетін дамыту мәселелерін де талқылады.
Мұнымен қоса, іс-шара аясында Бейбіт Мамраев Қорғалжын ауданының кітапханасына өзінің жеке қорынан бірнеше кітапты сыйға тартты.
Кеңес соңында Алмас Алин ауданда алдағы уақытта да қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.
«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі


