
Жиынды
«ЖАҢАРУ» РҚБ-нің Маңғыстау облыстық филиалының мүшесі Арайлым Шамшадинова жүргізіп отырды.
Жастардың бойындағы патриотизмді одан әрі нығайту, ғасыр дертіне айналған сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында Ауған соғысының ардагері, аға лейтенант Нурымбетов Батырбек Бошайұлы, Ауған-тәжік соғысының ардагері Кенжебеков Самат баяндама жасап, жастармен пікір алмасты.
Баяндамашылар сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуын тежейтін, заң мен тәртіп үстемдігін бұзатын қауіпті құбылыс екенін, коррупцияға қарсы күрестің басты бағыты жемқорлықтың алдын алу, яғни, мәселенің салдарынан бұрын, оның туындау себептері мен алғышарттарын анықтау, жемқорлық тәуекелдерін жою, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып саналатынын баса айтты.
Десек те, бұрынғы жылдарға қарағанда бұл жағынан алға жылжып келеді. Президенттің табандылығының арқасында шенеуніктердің заңсыз байығаны үшін жауапкершілігін енгізу, шетелге шығарылған заңсыз активтерді қайтару сияқты күрделі мәселелердің шешілуі. Мәселен 2022 жылдан бері бүгінге дейін 1 триллион 120 миллиард теңгеге жуық мүлік түріндегі заңсыз активтер мен қаражат мемлекетке қайтарылған, оның ішінде өткен жылы 486,5 млрд теңге. Осы қаражат есебінен 56 мектеп салыныпты. Одан басқа заңсыз алынған 10 миллион гектардан аса жер мемлекетке қайтарылды. .
Бүгінде халықтың жемқорлыққа қарсы белсенділігі артуда.
Бірнеше сағатқа созылған кездесу соңында жастар сұрақтарына жауаптарын алып, ардагерлерге алғысын білдірді.
«ЖАҢАРУ» баспасөз қызметі



