
Құқықтық тәртіпті нығайту мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы ғылым мен білімнің рөлі кездесудің басты тақырыбы болды. Академиялық адалдық, азаматтық жауапкершілікті дамыту және студенттік ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
«Бүгін біздің ұйым «Жастардың құқықтық тәрбиесі — сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастың негізі» жобасын іске асырып жатырмыз. Бұл бастама — өскелең ұрпақтың бойында адалдық пен әділеттілікке негізделген құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. Университеттің ректоры ретінде сіздің беделіңіз, біліміңіз бен көшбасшылық тәжірибеңіз біздің жұмысты жаңа деңгейге шығаратынына сенімдіміз. Алда үлкен міндеттер тұр. Аймақтағы жастармен жүйелі жұмыс жүргізу, олардың құқықтық санасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру — біздің ортақ мақсатымыз», — деді бірлестіктің төрағасы Мэлс Семғалиев.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Бейбіт Мамраевтың айтуынша, «университет ректоры – беделді басшы, оның “ЖАҢАРУ” қозғалысына қосылуы ұйымның өңірлік қызметін күшейтіп, жастармен жұмысты жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік береді»деп атап өтті.
Жиын барысында кездесудің күн тәртібіне сәйкес, «ЖАҢАРУ» республикалық қоғамдық бірлестігі Қарағанды филиалының директоры тағайындалды. «Бұл біз үшін үлкен сенім. Біз бұл бағытта көптен бері жүйелі түрде жұмыс істеп келеміз. Енді осы жаңа алаң арқылы жұмысты одан әрі күшейтуге дайынбыз», — деді Бахыт Жәутіков өз тағайындауы туралы.
Бұл қызметті бұдан былай Қарағанды индустриялық университетінің ректоры Бахыт Жәутіков атқармақ.
Бірлестік басшылығы Бахыт Жәутіковті жаңа қызметімен құттықтап, бұл тағайындаудың үлкен сенім артатынын атап өтті.
Сондай ақ кездесуге Теміртау қалалық мәслихатының төрағасы Алексей Ломакин, колледждер мен жоғары оқу орындарының өкілдері, ғылыми орта мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның соңында экология және өңірдегі жастарды тәрбиелеу мәселелері талқыланған диалог алаңы ұйымдастырылды.
Қатысушылар бастаманы жоғары бағалап, заңдылықты, ашықтықты қамтамасыз ету және жаңа ұрпақты тәрбиелеу бойынша ұлттық басымдықтарды іске асыру аясында одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендерін білдірді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі
