«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Талдықорғанда мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мәселелері талқыланды

  • ЖАҢАРУ
  • Жаңалықтар
  • Талдықорғанда мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мәселелері талқыланды
В Талдыкоргане обсудили вопросы по укреплению антикоррупционной культуры среди госслужащих 23.05.2025

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «ЖАҢАРУ» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы» бірлестігінің қолдауымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ол мемлекеттік қызметшілердің ұйымдастырушылық мәдениеті және оның Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясындағы рөлі тақырыбына арналды. 

Конференцияға Қазақстан, Польша, Түркия, Өзбекстан және басқа да елдерден келген ғалымдар, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Барлығы 80-нен астам адам қатысып, бұл саладағы өзекті мәселелер мен болашақ даму бағыттарын талқылады. Іс-шара аралас форматта өтті.

Жиынды Жетісу университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы Ермек Бөрібаев ашып, пленарлық отырыстың модераторы болды. Пленарлық бөлімде прокуратура, әкімдік, полиция және Мемлекеттік басқару академиясы өкілдері сөз сөйледі. Конференция барысында сондай-ақ, «ЖАҢАРУ» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы» РҚБ төрағасы Мэлс Семғалиев сөз алып, қатысушыларға табысты әрі нәтижелі жұмыс тіледі.

Пленарлық отырыстан кейін қатысушылар секциялық бағыттар бойынша шеберлік сағаттарын тыңдады. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодекстері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудағы цифрландырудың рөлі, халықаралық комплаенс тәжірибелері мен жастардың антикоррупциялық бастамалары кеңінен талқыға түсті.

Халықаралық тәжірибеге ерекше назар аударылды. Мәселен, Түркия, Польша және Өзбекстан сарапшыларының баяндамалары көрерменнің қызығушылығы мен пікірталасын тудырды.

Конференция соңында мемлекеттік органдарға жолданатын бірқатар ұсыныстар қабылданды. Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жаңарту, мемлекеттік қызметтегі этиканы нығайту және цифрлық құралдарды енгізу мәселелерін қамтиды. Бұл ұсыныстар 2025–2030 жылдарға арналған жаңа Антикоррупциялық стратегияны жүзеге асырудың негізі болмақ.

«ЖАҢАРУ» баспасөз қызметі



6M4A9076.jpg


6M4A9184.jpg


6M4A9008.jpg


6M4A8870.jpg


6M4A8886.jpg


6M4A8867.jpg


6M4A9274.jpg


6M4A9027.jpg


6M4A9110.jpg


6M4A9048.jpg


6M4A8850.jpg


6M4A9248.jpg


Тізімге оралу