«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Сотта сөз сөйлеу мен шешендік өнердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы байқауы өтті

  • ЖАҢАРУ
  • Жаңалықтар
  • Сотта сөз сөйлеу мен шешендік өнердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы байқауы өтті
Сотта сөз сөйлеу мен шешендік өнердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы  байқауы өтті 16.05.2025     ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен және «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы РҚБ Атырау облысы бойынша филиалының қолдауымен “Заң және тәртіп” жобасы аясында сотта сөз сөйлеу мен шешендік өнердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы байқауы өтті.

   Байқаудың мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жастардың құқықтық мәдениетін және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал ету.

   «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ұйымдастырылған бұл шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Байқауға Экономика және құқық факультетінің ҚҚО мамандығының 2-4 курс студенттері қатысты.

   Сайыста ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің орынбасары Нұрлан Жахин, Атырау облысы Адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат Анар Демесинова және Қылмыстық - құқықтық пәндер кафедрасының сеньор - лекторы Бэлла Тажгарина әділ қазылық етті.

   Жарыста қылмыстық сот процесінде жемқорлық қылмыстарын қарау фабуласы берілді. Байқау барысында қатысушылар шешендік өнер арқылы өз ойларын еркін жеткізіп, әділдік пен адалдық құндылықтарын насихаттады.

   Сайыс нәтижесінде үздіктер анықталып, диплом және арнайы алғыс хаттармен марапатталды!

І орын - Құқық қорғаушылар;
ІІ орын- Сот билігі;
ІІІ орын - Заң сөзінің қорғаушылары.

497824693_1248737540004030_8903641950658253892_n.jpg

497859727_1248737490004035_6186967884239704543_n.jpg

497919951_1248737510004033_8340115851164312919_n.jpg

497939115_1248737493337368_6113417194540779660_n.jpg

498169750_1248737433337374_5394129000889598364_n.jpg

498219979_1248737546670696_8081283938466890016_n.jpg

498255221_1248737516670699_6922201624788776118_n.jpg

Тізімге оралу