«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Құрметті ЖАҢАРУ белсенділері! Қадірлі Отандастар!

Құрметті ЖАҢАРУ белсенділері! Қадірлі Отандастар! 07.05.2025

Құрметті ЖАҢАРУ белсенділері! Қадірлі Отандастар!


    Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
    Бұл мереке – оқ пен оттың арасындағы жанқияр ерліктің, болашақ ұрпаққа кемел келешек тарту етпек ниеттің нәтижесі. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де – осынау мерекенің жемісі.
    Қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын біз оның маңызын ерекше ұғына түсудеміз. Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.
    Ал майдан даласында шайқасқан Ер бабаларымыздың есімі – ел есінде мәңгі сақталады.
    Айтулы мерекеде сіздерге шексіз бақыт, отбасыларыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз. Әрдайым аспанымыз ашық болып, бейбітшілігіміз мәңгі салтанат құрсын!

   Төраға                                               М.Семғалиев

Тізімге оралу