Құрметті «ЖАҢАРУ» бірлестігінің белсенділері! Отандастар!
Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!
Бұл күн – еліміздегі бірліктің, татулықтың, өзара түсіністік пен құрметтің символы. Қазақстанның әрбір азаматы өз этникалық тегіне, мәдениетіне қарамастан, Отанының дамуына үлес қосып келеді.
Мереке күні әр шаңыраққа тыныштық пен береке тілейміз. Бірлігіміз нығайып, болашағымыз баянды болсын!