«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Оқушылар мен ардагерлер патриотизм, ерлік және тіл туралы ашық сұхбат құрды

  • ЖАҢАРУ
  • Жаңалықтар
  • Оқушылар мен ардагерлер патриотизм, ерлік және тіл туралы ашық сұхбат құрды
Ветераны побеседовали со школьниками о подвиге, патриотизме и родном языке 30.04.2025 Қазақстан Қарулы күштерінің ардагері, запастағы подполковник Даулетхан Қасенов, «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы» мен «Варшава келісімшарт әскерінің тобы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы директорының міндетін атқарушы Секен Мұхамадиев және «Жаңару» республикалық жемқорлыққа қарсы қозғалысы» РҚБ ШҚО филиалының директоры Жомарт Манаков Өскемендегі №3 орта мектеп оқушыларымен кездесті.

Ашық сұхбат форматында өткен «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты ерлік сабағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды.

Кездесу барысында қонақтар оқушыларға ата-баба ерлігі, Отанға адал қызмет ету және патриоттық құндылықтар жөнінде әңгімеледі. Сонымен қатар, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, мемлекеттік тілді құрметтеу және адамгершілік қасиеттерді дәріптеу жайлы ойын ортаға салды.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты — жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, тарихқа құрмет пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Мектеп ұжымы тағылымды іс-шаралардың балалар үшін маңызды рухани тәжірибе екенін жеткізді.
Ұйымдастырушылар мұндай жиындарды тұрақты түрде өткізіп тұрады.

«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі


WhatsApp Image 2025-04-30 at 23.49.54.jpeg


Тізімге оралу