«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҰРПАҚ: «ЖАҢАРУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН ӨҢІРЛЕРМЕН ТАЛҚЫЛАДЫ

  • ЖАҢАРУ
  • Жаңалықтар
  • ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҰРПАҚ: «ЖАҢАРУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН ӨҢІРЛЕРМЕН ТАЛҚЫЛАДЫ
ПОКОЛЕНИЕ БЕЗ КОРРУПЦИИ: «ЖАҢАРУ» ОБСУДИЛ ХОД РЕСПУБЛИКАНСКОГО ПРОЕКТА С РЕГИОНАМИ 25.04.2025

    Бүгін «ЖАҢАРУ» РҚБ-гі өңірлік филиалдарының қатысуымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» республикалық жобасын аймақтарда іске қосу бойынша кеңес өтті. Жоба 17 өңірді, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қамтиды.

    Бұл бастама аясында ювеналды полицияда есепте тұрған жасөспірімдермен, жастармен тікелей жұмыс жүргізетін 100-ден астам маман дайындалады деп күтілуде. Сонымен қатар, жастардың құқық бұзушылықтардың алдын алуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 15-ке жуық бастамасы қолдау табады.

    «Біздің күш-жігеріміз жоғары моральдық құндылықтарды ұстанатын ұрпақ қалыптастыруға бағытталған. Біз жастарды заңды құрметтеу мен өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу – болашақтағы жемқорлықсыз қоғамның кепілі деп сенеміз», — деді жоба жетекшісі Мэлс Семғалиев.

    Жоба Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «АБҚО» КеАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда. Жоба 2027 жылдың соңына дейін жалғасады.

«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі


презентация 4.JPG


презентация 3.JPG


WhatsApp Image 2025-04-25 at 13.19.46 (1).jpeg


WhatsApp Image 2025-04-25 at 13.19.46.jpeg 


Тізімге оралу