«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ БАСТАМА

АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ БАСТАМА 14.04.2025

         Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Директорлар кеңесінің бастамасымен жүзеге асқан ерекше жоба «Бастама. Студенттік зерттеулердің тұсаукесері» атты университетішілік ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауы өтті.

Бұл бастама – студенттердің ғылыми әлеуетін көтеруге, жас зерттеушілерді қолдауға бағытталған маңызды қадам. Іс-шараға директорлар кеңесінің төрағасы, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» РҚБ-ің төраға орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев арнайы қатысып, байқаудың финалдық кезеңін ашып берді.

Финалдық кезеңде жас зерттеушілердің жұмысын Атырау университеті Директорлар кеңесінің төрағасы Бейбіт Мамраев, Басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Қансұлу Өтепқалиева, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректор Ләйлә Қойшығұлова, информатика кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Қаламқас Багитова, экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Самал Шамшиденова, журналистика кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Өмірбек Бекежан сынды университеттің жетекші мамандарынан құрылған сараптамалық комиссия бағалады.

Білім сайысында студенттер өз жобаларын сарапшылар мен көпшілік алдында қорғап, ғылыми ортадан бағалау және пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Байқауға жалпы 22 ғылыми жұмыс ұсынылып, соның ішінен 6 жоба финалдық кезеңге өтті.

Нәтижесінде:

I Дәрежелі диплом (1-орын)

- Білім беру жүйесіндегі информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім бағдарламасының 4-курс студентері Рашитов Ришат Жұмабекұлы, Байдаулетов Ерасыл Бауыржанұлы. Ғылыми жетекші: PhD, қауымдастырылған профессор Рахметов Максот Елеусизович;

II Дәрежелі диплом (2-орын)

- Химиялық талдау және сараптама білім бағдарламасының 2-курс студенттері: Мухамедин Аиша Бүркітқызы, Камидуллина Дина Фуатқызы. Ғылыми жетекші: Phd доктор, қауымдастырылған профессор Кадашева Жанар Кадырбаевна;

- Қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасының 3-курс студенттері Абылайқызы Алия, Сапарғалиева Мөлдір, Итенова Іңкәр, Махамбет Динара; Ғылыми жетекші:ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Салихова Айымгул Зинегабилденқызы;

III Дәрежелі диплом (3-орын)

- Бизнес-процестерінің есебі, аудиті және талдау білім бағдарламасының 3-курс студенті Бершқали Айымгүл Назарқызы. Ғылыми жетекші: PhD доктор, қауымдастырылған профессор Кенжегалиева Зита Жанабаевна;

- Педагогика және психология білім бағдарламасының 3-курс студенті Тлекқабыл Алтынай. Ғылыми жетекші: пс.ғ.к., қауымдастырылған профессор Иманғалиева Нурсулу Темирболатовна;

- Журналистика және ақпарат мамандығының 4-курс студенті Мурзагалиева Асем. Ғылыми жетекші: сеньор-лектор, аға оқытушы Мажитова Ляззат Қабдирқызы сынды оқытушы және студентер иеленді.

Білім сайысының жеңімпаздары мен жетекшілерін жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Директорлар кеңесінің қолдауымен өткен бұл іс-шара алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.

«ЖАҢАРУ» РҚБ-гі баспасөз қызметі



WhatsApp Image 2025-04-14 at 16.48.38.jpeg


WhatsApp Image 2025-04-14 at 16.48.37 (1).jpeg


WhatsApp Image 2025-04-14 at 16.48.37.jpeg


WhatsApp Image 2025-04-14 at 16.48.35 (2).jpeg


WhatsApp Image 2025-04-14 at 16.48.35.jpeg


WhatsApp Image 2025-04-14 at 16.48.32 (1).jpeg


WhatsApp Image 2025-04-14 at 16.48.36.jpeg


WhatsApp Image 2025-04-14 at 16.48.35 (1).jpeg


WhatsApp Image 2025-04-14 at 16.48.34 (1).jpeg


WhatsApp Image 2025-04-14 at 16.48.34.jpeg


WhatsApp Image 2025-04-14 at 16.48.33.jpeg


 


Тізімге оралу