«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БИЗНЕС ПАРАСАТТЫЛЫҚ ЖЕЛІСІ

ЦЕНТРАЛЬНО-АЗИАТСКАЯ СЕТЬ ДОБРОПОРЯДОЧНОСТИ БИЗНЕСА 13.03.2025

     Өңірлік платформаның аясында Біріккен Ұлттар ұйымы ЕҚБ Еуропалық қайта құру жəне даму банкімен (ЕҚДБ) серіктестігі мақсатында Орталық Азиядағы бизнестің (CABIN) адалдық желісі іске қосылған. Өңірлік платформаның жыл сайынғы өтетін конференциясында жарияланған CABIN желісінде келесі мақсаттар көзделген:

-         Іскерлік тəжірибенің жоғары этикалық стандарттарын ұстануда корпоративтік сектор мен жеке бизнеске қолдау көрсету.

-         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджментінің қалыптасқан жүйелерінде тиімділік пен нəтижеліліктің ең жоғары ықтимал деңгейін қолдау мақсатындағы білім тәсілдерімен алмасу.

-         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімділігі дəлелденген əдістер мен тəжірибелерді қолдану.

-         Жеке жəне корпоративтік құрылымдардың иелерін, басшыларын жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына жауапты қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа жəне алаяқтыққа қарсы бақылауды орнатуды жалғастыруға немесе олардың үздіксіз жетілдірілуін қамтамасыз етуге ынталандыру болып табылады.

      Басым мақсаттарды айқындау үшін 2025 жылғы 11 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен жаһандық және өңірлік проблемалар тұрғысынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері талқыланды. Талқылауға Орталық Азия елдерінен мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Сарапшылар анықтағанындай яғни 2024 жылы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірі корпоративтік алаяқтық тәуекел деңгейі бойынша екінші орынға ие болғанын атап өтті. Тәуекел деңгейі тек Оңтүстік Азия елдерінде жоғары. Компаниялардың қаражаты мен мүлкін жымқыруға байланысты алаяқтық жағдайлары жиі кездеседі. PWC мәліметтері бойынша, компаниялардың 50% - дан астамы сатып алудағы алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық маңызды мәселе болып қала береді деп мәлімдейді. Іс-шараға қатысушылар ең көп таралған мәселелердің қатарында пысықталмаған әдістеме, "қағаз" комплаенсті, цифрландыру дәуіріндегі дәстүрлі IТ-құралдарын жеткіліксіз пайдалануды атап өтті. Бизнестің адалдығы мен этикасын қамтамасыз ететін ішкі шараларды басқарудың әртүрлі модельдері болғанымен, олардың барлығы ұқсас сипаттамаларға ие. Іс-шара барысында сөз сөйлеген "ЖАҢАРУ" РҚБ төрағасы Мэлс Семғалиев қатысушылардың назарын бизнес-құрылымдарды басқару органдарының өкілдерімен де жұмысты күшейту қажеттілігін атап өтті. Өйткені меншік иелері, басқару органдары мен менеджмент арасында өкілеттіктер мен жауапкершілік аймағының белгілі бір түсінбеушілігі байқалады. Бұл, әрине, комплаенс қызметінің тиімділігіне әсер етеді деген ұсынысын атап өтті. Іс-шара соңында кездесуге қатысушылар ағымдағы жылдың сәуір айында консультацияларды жалғастыруға келісті.

"ЖАҢАРУ" РҚБ баспасөз қызметі


Тізімге оралу