«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

«ЖАҢАРУ» РҚБ Кеңесінің кезекті отырысында семинар өтіп жоба аясында қорытындылар тұшымдалды

  • ЖАҢАРУ
  • Жаңалықтар
  • «ЖАҢАРУ» РҚБ Кеңесінің кезекті отырысында семинар өтіп жоба аясында қорытындылар тұшымдалды
«ЖАҢАРУ» РҚБ Кеңесінің кезекті отырысында семинар өтіп жоба аясында қорытындылар тұшымдалды 19.12.2024

2024 жылғы 19 желтоқсан күні Астана қаласында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Кеңесінің кеңейтілген отырысы өттіп, жоба аясында қорытындылар тұшымдалды

Семинар барысында келесі сұрақтар қаралды:

- Жоба аясында «ЖАҢАРУ» РҚБ 2024 жылы атқарған жұмыстарының қорытындылары және 2025 жылға арналған іс-шаралар Жоспары;

- «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның қортындылары туралы;

- Өңірлерде жоба аясында өткізген тапсырмалардың қорытындысы мен тұжырымдарын талқылау.

Отырысты «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы Мэлс Зайноллаұлы СЕМҒАЛИЕВ модератор болып жүргізіп отырды.

Жиналысқа келесі тұлғалар қатысты:

- «ЖАҢАРУ» РҚБ Кеңес мүшелері;

- мемлекеттік органдардың өкілдері;

- «ЖАҢАРУ» РҚБ өңірлік филиалдарының Директорлары (онлайн);

- масс-медиа өкілдері;

- «ЖАҢАРУ» РҚБ өңірлердегі белсенді мүшелері (онлайн);

- «ЖАҢАРУ» РҚБ Астана қаласындағы белсенділері.

Кеңестің кеңейтілген отрысының бірінші сұрағы бойынша баяндаманы «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы Мэлс Зайноллаұлы СЕМҒАЛИЕВ жасады.

Кеңестің кеңейтілген отырысының екінші сұрағы бойынша «ЖАҢАРУ» РҚБ Орталық аппаратының жетекшісі Қабдолла Хамитұлы ӘЛИЕВ сөз алып жоба аясында атқарған іс-шаралардың барысымен жеткен нәтижелері және тиімділігін атап өтіп қорытындысын баяндады. Атқарған жоба кеңес мүшелерінің оң бағасын алып,келесі жылдары осындай іс-шараларды жалғастыру міндеттелді.

Жарыссөзге мемлекеттік органдардың өкілдері, «ЖАҢАРУ» РҚБ Кеңес мүшелері мен өңірлік филиалдарының Директорлары және белсенді мүшелері қатысты.

Талқылаудың негізінде «ЖАҢАРУ» РҚБ өңірлік филиалдарына бірлестіктің 2025 жылға арналған іс-шаралар Жоспарын сапалы орындалу тапсырылды және «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында жүзеге асырылған іс-шаралар сияқты жұмыстарды келесі жылдарда да жалғастыру жүктелді.

Аталмыш Әлеуметтік Жобаны 2023-2024 жылдары «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен іске асырды. 

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі



WhatsApp Image 2024-12-19 at 18.33.01 (2).jpeg



WhatsApp Image 2024-12-20 at 06.55.06.jpeg


WhatsApp Image 2024-12-19 at 18.33.02 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-12-19 at 18.33.01 (3).jpeg


WhatsApp Image 2024-12-19 at 18.33.02.jpeg


WhatsApp Image 2024-12-19 at 18.33.00 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-12-19 at 18.33.01 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-12-19 at 18.33.01.jpeg


WhatsApp Image 2024-12-19 at 18.33.00.jpeg


Тізімге оралу