01.12.2024
28 қараша 2024 жылы “Bolashaq” Академиясының 2016 жылғы Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының түлегі,бірнеше кітаптың авторы, 2021 жылы ҚР Президенттінің Жарлығымен «Шапағат» медалінің иегері, Республикалық, облыстық әдеби байқаулардың жүлдегері, майталманы,"Бебеу” жыр жинағының,«Қара кемпір» поэмасының авторы – Абай Ораз Амангелдіұлымен кездесу өтті.2021 жылы ҚР Президенті Т.К. Тоқаев жұмыс сапарымен Жезқазған қаласына барғанда жастар мен кездесу өтті.Кездесу кезінде Абай Ораз сөз сөйлеген.
Абай Ораздың "Bolashaq "Академиясы студенттерімен кездесуі өнегелі әңгіме мен сырлы сұхбатқа толы болды. Кездесудің барысында студенттерге әдебиет әлеміне терең үңіліуіне септігі тигізгені сөзсіз,сонымен қатар
" Құқықтық жастар - ел болашағы"тақырыбы аясында сөз қозғап,өз ойымен бөлісті.
Ақын өз қоржынынан жарық көрген кітаптарын студенттерге тарту етті.Іс шараға “ЖАҢАРУ” РҚБ Қарағанды облыстық филиалының директоры Құрманғазы Сембиев қатысып өз пікірімен алмасты.
“ЖАҢАРУ” РҚБ баспасөз қызметі


