30.11.2024
Елімізде қарашаның екінші жексенбісі ерекше дата саналады. Себебі бұл күні әлемдік тәжірибеде халықаралық зағиптар күні аталып өтіледі. Биыл Қызылордада бұл күн ерекше өтті. Еуразия спорт кешенінде “ЖАҢАРУ” сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысының Қызылорда қалалық филиалы мен Мүгедектерге арналған спорт клубы бірлесіп зағип жандар арасында “голбол” турнирын ұйымдастырды. Турнирдың ашылу салтанатында Қазақ соқырлар қоғамының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Бидайкүл Байманова, Мүгедектерге арналған спорт клубының директоры Арман Молдаханов және “ЖАҢАРУ” сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысы” республикалық бірлесітігі Қызылорда қалалық филиалының директоры Серік Досманбетов сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнирге 5 команда өзара жарысып, жарыстың көркін қыздырды.
«Өмірге құштар жандар» деп аталатын голбол спорттық шарасына 50-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Мұндағы мақсат – ерекше жандардың өмірде өз орны бар екенін ұғындырып, спортқа бейімдеу. Қандай сала болсын, биік дәрежеге жеткізу. Бұл сайыста жеңімпаз болу мақсат емес, ең бастысы қатысқанның өзі ерлік.

“ЖАҢАРУ” РҚБ баспасөз қызметі