«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Өңір әкімдерімен кездесу

26.11.2024

2024 жылғы 21 қараша күні Талдықорған қаласында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Мэлс Зайноллаұлы СЕМҒАЛИЕВ, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бейбіт Баймағамбетұлы МАМРАЕВ, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Басшысы Саян Қылышұлы АХМЕТЖАНОВ Жетісу облысының Әкімінің міндетін атқарушы, Жетісу облысының Әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Әскербекұлы ЖАҚАНБАЕВПЕН кездесті.

Кездесуде 2023-2024 жылдары «ЖАҢАРУ» РҚБ іске асырған «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның қорытындылары талқыланды.

Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асырылды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


Тізімге оралу