2024 жылдың 21 қараша «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облысындағы филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» әлеуметтік жобаның аясында Талдықорған қаласы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Жастар - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылындағы басты тірек» тақырыбында пікірталас дөңгелек үстелі өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты:
- азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шараларымен таныстыру, азаматтық ұстанымын, құқықтық санасын қалыптастыру, құқық қорғау органдарына сенім денгейін арттыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жетістіктер жайында ақпараттандыру;
-қоғамды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатына қатыстыру;
- жастардың арасында және жалпы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Жиынды Жетісу мемлекеттік университетінің Басқарма төрағасы-Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Ермек Әбілтайұлы Бөрібаев жүргізіп,өз сөзінде сыбайлас жемқорлықпен күресуде жастардың роліне тоқталды.
Университет қабырғасынын ашылған «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттейтін орталықтың мақсаты яғни орталықта ғалымдар мен білім алушылар сыбайлас жемқорлықпен күресу саясатын қалыптастыруды ғылыми деңгейде зерттейтін болады.
Жетісу өңірінде өткен іс-шараға «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ төрағасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Мэлс Зейноллаұлы Семғалиев, Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, профессор Бейбіт Баймағамберұлы Мамраев, ҚР Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департамент басшысы, генерал-майор Ахметжанов Саян Қылышұлы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаменті және жергілікті атқару органдарының басшылары, Жетісу облысының прокуроры, облыстық сот төрағалары және Жетісу облысы Ақсақалдар алқасының төрағасы сөз алып студент жастар алдында өз ақыл кеңестерімен бөлісіп пікірталас өте тартымды да мәнді өтті.
«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ төрағасы Мэлс Семғалиев баяндама жасап, сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғам талабы екенін жеткізді. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысы Саян Ахметжанов облыс бойынша сыбайлас жемқорлық фактілеріне тоқталып, онымен күресті күшейту мақсатында Жетісу университетінің студенттерінен «Жас Қыран» жастар ұйымын құру туралы ұсынысын айтты. Бұл ұсынысты белсенді студенттер бірауыздан қолдап қатарында болатындарын білдірді. Облыстық «Jetisy jastary» мекемесінің өкілі Арнай Байжұрынов жастар атынан сөз сөйлеп осындай пікірталас жиындары жастардың қатысуымен жиі болатынына сенім білдірді.
«Сыбайлас жемқорлықтың зиянын алдымен жастар сезінеді. Сыбайлас жемқорлықтың кесірінен жастар білім алу, қызметке тұру, мансаптық өрлеу мүмкіндігінен айырылады. Ал біздің басты мақсатымыз адал білім алып, адал еңбегімізбен жетістікке жету. Сондықтан жемқорлықпен күресте жастарды көптеп тарту керек»-деді ол. Басқада белсенді студент жастар ой пікірлерімен алмасып сыбайлас жемқорлыққа қатысты сұрақтарымен бөлісті.
Іс-шара барысында студент жастар арасында Университет тарапынан ұйымдастырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы түсірілген бейнероликтер конкурсы жеңімпаздарын дипломмен марапаттау болды.
Жиын барысында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен университет базасында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттейтін орталық ашылды. Онда сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін себептер ғылыми тұрғыда зерделеніп, жастар құқықтық сауаттылығын арттыратын болады. Келген қонақтар ашылған орталықтың ашу рәсіміне қатысып атқаратын жұмысымен танысып тәнті болды.Жастарға насихат буклет,флаерлар таратылып,пікірталас іс-шарасы өте тартымды нәтижелі өтті.
«ЖАҢАРУ» баспасөз қызметі