2024 жылдың 21 қараша «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы” Республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы облысындағы филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» әлеуметтік жобаның аясында Талғар қаласы, Талғар политехникалық колледжінде кезекті кездесу және флэшмоб акциясы іс-шарасын өткізді.
Мақсат жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, құқықтық білім беру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, яғни адамның құқық негізінде өмір сүруге, заңдарды құрметтеуге, өз құқықтарын қорғауға,құқық қорғау органдарына сенім денгейін арттыру, жалпы айтқанда жоғарғы құқықтық сана сезімді насихаттайтын, күнделікті өмірде айқын көрініп жүрген сыбайлас-жемқорлыққа қарсы негативтік құбылысты тоқтату жолдары талқыланды.
Іс-шара колледж басшылығы мен оқытушылар құрамының қолдауымен өткізілді. "ЖАҢАРУ" облыстық филиалының директоры Е.М. Аугамбаев жобаның мақсаттарымен , қоғамдық қозғалыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің негіздері мен бағыттарымен таныстырды. Жоғары курс оқушылары сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күресте бастаманы ауқымдылықты және жалпыхалықтық қатысу қажеттілігін толық қолдады. Колледж басшылығымен және оқушыларымен одан әрі тығыз байланыстар және әлеуметтік жоба шеңберінде іс-шаралар кешенін өткізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды жандандыру қажеттілігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Іс-шараны «ЖАҢАРУ» РҚБ-ің Алматы облыстық филиалының директоры Еділ Маймашұлы Аугамбаев жүргізіп отырды. Жастармен кездесуде "Sanaly urpaq" ұйымының жетекшісі Аманова Сабира Темирбековна, Талғар политехникалық колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Құрманғожаева Жеңіскүл Болатжанқызы қатысып, жастар алдында құқықтық сананы көтеру,құқық қорғау органдарына сенімділікті кеңейту мақсатында өз ақыл кеңестерін беріп, ой пікірлерімен бөлісті.Жастар тарапынан сұрақтар қойылып тұшымды жауаптар берілді.
”Жемқорллыққа жол жоқ!”,” Құқықтық сананы-көтерейік!” тақырыбында флеш-моб акциясы өтті. Іс-шара барысында буклет флаерлар таратылып сауалнамалар жүргізілді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі