«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Керекудегі жастармен кездесу

Керекудегі жастармен кездесу 21.11.2024

       20 қараша 2024 жылы «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Павлодар облыстық филиалы Павлодар облысы полиция департаменті қолдауымен Қазтұтынуодағы Павлодар жоғары экономикалық колледжінің заң факультетінің студенттері үшін батыр-полицейлердің қатысуымен кездесу,танысу іс-шарасын ұйымдастырды.

        Қазақстан Республикасы Мәдениет және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру» жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жоба аясындағы іс-шараны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ-гі Павлодар облыстық филиалының директоры Саят Елгонденов ашып жобаның мақсаты жөнінде егжей-тегжей баяндап берді.

        Кездесу аясында құқық қорғау органдарында қызмет барысында ерлік жасаған жас полиция қызметкерлерімен сұхбаттаса отырып, пікір алмасып өз ойларымен бөлісіп кездесу өте тартымды қызықты өтті.

       Ерліктерін атап айтсақ, сәуір айында Аққулы ауылында кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспектор Елдос Қойкен суға батып кеткен әйел туралы хабар алып, бір секунд ойланбастан өзенге жүгіріп барып, екі баланың анасын құтқарды. Жедел шешім қабылдау және жылдам әрекет ету арқылы адам өмірі сақталды. Әскери және қызметтік борышын үлгілі орындағаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін полиция қызметкері Елдос Қойкен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

        Осы жылдың жазында тергеуші Ердәулет Мәкімов кезекті еңбек демалысында өзеннің жағасында отбасымен демалып отырған. Көмек сұраған айқайларды естіген Ердәулет еш ойланбастан өзенге жүгіріп барып, бір баланы судан алып шықты. Содан кейін ол қайтадан суға жүгірді, өйткені суда екінші бала болды, оны ағым алып кетіп бара жатты. Ол оған жүзіп барып, жағаға қарай шығара бастады. Күшті ағымды жеңе отырып, тәртіп сақшысы құрлыққа жетіп, ұлдарға алғашқы медициналық көмек көрсете алды. Қазақстан Республикасы ТЖМ басшысының бұйрығымен Павлодар облысы Ақтоғай ауданы полиция бөлімінің аға тергеушісі Ердәулет Мәкімовтің жанқиярлығы мен ерлігі үшін «суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды.

         Бұл іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру» жобасының бір бөлігі болды, яғни жастардың құқық қорғау органдарына сенімін нығайту және олардың полиция жұмысының барысымен түсінуін кеңейту болып табылады.

 

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


WhatsApp Image 2024-11-20 at 19.50.26 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-11-20 at 19.50.26.jpeg


WhatsApp Image 2024-11-20 at 19.50.25 (3).jpeg


WhatsApp Image 2024-11-20 at 19.50.25 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-11-20 at 19.50.25 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-11-20 at 19.50.25.jpeg


WhatsApp Image 2024-11-20 at 19.50.24 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-11-20 at 19.50.24 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-11-20 at 19.50.24.jpeg


Тізімге оралу