2024 жылғы 19 қараша күні Шымкент қаласы білім басқармасы «Политехникалық колледжінде»МКҚК «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен дәріс өтті.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Шымкент қаласы филиалының Директоры Саранова Данара Юрьевна «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс Шымкент қаласы білім басқармасы мен «ЖАҢАРУ» РҚБ филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-шара жоспары негізінде ұйымдастырылды.
Шара соңында «сұрақ-жауап» форматында пікір алмасу ұйымдастырылып, буклеттер таратылып, сауалнама жүргізілді.
Бұл іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында өтті.
Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі